Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

KEGOC 2018 жылы қанша табыс тапты?

KEGOC 2018 жылы қанша табыс тапты?

Алматы. 20 мамыр. 7kun.kz – KEGOC 2018 жылғы қаржылық нәтижелерді жариялады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша компанияның таза табысы 40,04 млрд теңгені құрады, бұл 2017 жылдың көрсеткішінен 21,8% (32,8 млрд теңге) жоғары.

Компанияның жиынтық активтері 755,8 млрд теңгеден асты немесе жыл ішінде 20,2%-ға өсті. KEGOC-тың меншікті капиталы 2018 жылы 26,3%-ға артып, 472,7 млрд теңгеге жетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы табыс 70 млрд теңгені (+11,1%) құрады.

Компанияның ақпараты бойынша, дивидендтерді төлеуге акционерлерге 87,7% таза пайда жіберілді. 2018 жылдың екінші жартысында сыйақыға 14,2 млрд теңге бөлінді, бұл бір акцияға 54,53 теңге. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 20,9 млрдтеңге немесе бір акцияға 80,53 теңге жіберілді.

Похожие материалы