Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz - Қазақстан келесі жылы өзін толығымен жанармаймен қамтамасыз етеді. "Қазмұнайгаз - өңдеу және маркетинг" компаниясы осындай оптимистік болжам жасап отыр деп хабарлайды КТК арнасы.
Мұнай өндіру көлемі жылына 2 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Компания өкілдерінің сөзінше, осы жылы еліміздегі 3 мұнай өңдеуші зауыттың қайта жөндеуден өткізілуі толығымен аяқталады.
Сонымен қатар зауыттардағы жанармай, дизельді отын тіпті әуе керосинінің өндірісі де көбейеді. Ондай жағдайда басқа елдерден бензинді импорттаудың да қажеттілігі азаяды.
Айта кетейік, қазір Қазақстандағы барлық жанармайдың үштен бірі Ресейден келеді.