Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кеңес заманында сұранысқа ие болған Алматыдан Ыстықкөлге дейінгі туристік соқпақ жаңартылады

Кеңес заманында сұранысқа ие болған Алматыдан Ыстықкөлге дейінгі туристік соқпақ жаңартылады

Алматы. 31 тамыз. 7kun.kz – Алматыда кеңес заманынан бастап 21 ғасырдың басына дейін сұранысқа ие болған Ыстықкөлге дейінгі аңызға айналған туристік жаяу маршрут қайта жанданады, деп хабарлайды 7kun.kz «Хабар24-ке» сілтеме жасап.

2009 жылы Қырғызстандағы қиын жағдайға байланысты бұл туристік маршрутқа тыйым салынды. Енді міне 13 жылдан кейін атақты соқпақ жаңаша түрде қайта іске қосылады деп күтілуде.

Маршруттардың бір бағыты Солтүстік Тянь-Шань арқылы төменгі Көлсай көлінен өтеді. Ыстықкөлге дейінгі жолдың ұзындығы шамамен 25 шақырымды құрайды. Тауда екі рет түнеу жоспарланған. Жаңа бағыттың басты ерекшелігі – туристер бір сапарда Көлсайдың өте әдемі үш көліне бара алады.

Екінші бағыт Алматы маңындағы Озерный асуы арқылы өтеді. Қазір нұсқаушылар екі қашықтықты қауіпсіздік тұрғысынан зерттеуде. Туризмді дамыту мақсатында оларды келесі жылдың маусымында ашу жоспарлануда.

«Бұл бағыттар 2009 жылы жабылды, қайта жаңғырту жұмыстары 2014 жылы басталды. Сол уақыттан бастап бүгінге дейін мұның бәрі осындай жайбарақат күйде болды. Бақытымызға орай, биыл бізді Үкіметте, Парламентте қолдауда. Міне, қазақстандық және қырғызстандық әріптестер, бизнес, мемлекеттік қызметкерлер, осы істің ынтагерлері мәселені шешуге қол жеткіздік», – деді «Каz Alpine Club» ҚБ Басқарма Төрағасы Тимур Дүйсенғалиев.

2009 жылдан бері Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекарадан тек ресми өткізу пункттері арқылы өтуге болатын. Бірақ олардың орналасуы туристік маршруттардан тым қашық және осы себпті тау арқылы серуендеуге тыйым салынды. Шекара қызметінің қызметкерлеріне шекарадан өту фактісін ресімдеу өте қиын болды. Бірақ бұл мәселе ағымдағы жылдың мамырында шешімін тапты.

«Біріншіден, бұл 26 мамырда Қазақстан мен Қырғызстан президенттері арасында қол жеткізілген келісімді жүзеге асыру деп айтуға болады. Кездесу қорытындысы бойынша осы жылы пилоттық жобаны іске асыру келісілді. Бүгінгі пилоттық жоба – бұл екі ел президенттерінің келісімдерін жүзеге асыру», - деді Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов.

Қырғызстан өкілдері бұл жоба екі елдің туристік саласын дамыту аясындағы елеулі үлес болатынын атап өтті.

Егер жоба іске асса, келесі жаздан бастап кез келген адам тау арқылы Ыстықкөлге саяхат жасай алады. Туристік кезең маусымның басында ашылып, қыркүйектің басында аяқталады. Идея авторлары туристік жоба алыс шетелдерден де туристер тартатынына сенімді.

https://www.youtube.com/watch?v=6SVE1z_okOM

Похожие материалы