Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кеңес Рақышев «Қазкоммерцбанк» АҚ акцияларының бақылау пакетіне ие болды

Кеңес Рақышев «Қазкоммерцбанк» АҚ акцияларының бақылау пакетіне ие болды

Кеңес Рақышев «Қазкоммерцбанк» АҚ акцияларының бақылау пакетіне ие болды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазкоммерцбанк» АҚ-ның ірі акционері Кеңес Рақышев ҚКБ-ның шығарылған және орналастырылған жай акциялардың 28,08%-на ие Alnair Capital Holding» («Alnair») АҚ бас компаниясын сатып алу жөнінде «Альнаир» инвестициялық тобымен мәміле жасаған.

Мәміленің нәтижесінде Alnair-дың Қазкоммерцбанктің акциялары бойынша дауыс беру және басқа да құқықтарын иемдене отырып, Кеңес Рақышев «Альнаир» инвестициялық тобының бас серіктесі атанды.

Сонымен, кәсіпкердің тікелей немесе жанама (Alnair арқылы) бақылауындағы банктің шығарылған және орналастырылған жай акциялардың үлесі 56,75 %-ға дейін өсті. Бұдан бұрын х 2015 жылғы тамызда К.Рақышев «Альнаир» инвестициялық тобымен ҚКБ акциялар пакетін біріктіру туралы алдын ала келісімге келген болатын. Фото: ult.kz

Похожие материалы