Экономика
Кешкі сессияда: 1 доллар 272 теңге болды
2015 жылдың 2 қазанында Қазақстан қор биржасының (KASE) кешкі сессиясында доллардың орташа бағамы 271,99 теңгені құрады.
KASE ақпараты бойынша, жұма күнгі кешкі сессияда доллармен сауда барысында доллардың теңгеге қатысты минимал баға - 271, 35 теңге болса, максимал баға- 272,50 теңге болы. Ал жабылу сәтіндегі баға - 271,75 теңгені құрады. АҚШ валютасымен сауда-саттық көлемі - 13 млн доллар. Қатысушылар саны-15.
Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 20 тамызынан бастап Қазақстан теңгені еркін айналымға жіберген еді. Енді теңге бағамы нарықтық сұраныс пен ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырылып ұсынылады.