Экономика
Кешкі сессияда: 1 доллар 277,20 теңге болды
2015 жылдың 21 қазанында Қазақстан қор биржасында (KASE) кешкі сауда аяқталды.
KASE саудасына валюта нарығындағы 8 мүшесі қатысты.
АҚШ долларының орташа бағамы 1 долларға қатысты 277,20 теңгені болды. Сауда-саттық көлемі 1 млн долларды құрады. Еуромен ешқандай операция жүргізілмеді.
Қазір Казком 1 долларды 278,35 теңгеге, Халық банк 278,20 теңгеге, Сбербанк 278,00 теңгеге сатып жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 20 тамызынан бастап Қазақстан теңгені еркін айналымға жіберген еді. Енді теңге бағамы нарықтық сұраныс пен ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырылып ұсынылады.