Экономика
Кешкі сессияда: 1 доллар 279,41теңге болды
Қазақстан қор биржасының (KASE) 28 қазанға арналған кешкі сессиясында доллардың орташа бағамы 279,41 теңге болды. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.
АҚШ долларына қатысты сауда көлемі кешкі сессияда 6 млн 500 мың доллар болды. Валюта курсына қатысты жасалған келісім саны — 10. Еуромен ешқандай операция жүргізілмеді.
Қазір Казком 1 долларды 280,50 теңгеге, Халық банк 280,49 теңгеге, Сбербанк 280,50 теңгеге сатып жатыр.
Естеріңізге салайық, 2015 жылдың 20 тамызынан бастап Қазақстан теңгені еркін айналымға жіберген еді. Теңгенің айырбас курсы нарықтық сұраныс пен ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып ұсынылады.