Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кешкі сессияда доллар бағамы 277,55 теңге болды

Кешкі сессияда доллар бағамы 277,55 теңге болды

2015 жылдың 20 қазанында Қазақстан қор биржасының (KASE) кешкі сессиясында доллардың орташа бағамы 277,55 теңгені құрады.

KASE ақпараты бойынша, сейсенбі күнгі кешкі сессияда доллармен сауда барысында доллардың теңгеге қатысты минимал баға — 277,40 теңге болса, максимал баға- 277,65 теңге болды. Жабылу сәтіндегі баға — 277,50 теңгені құрады. АҚШ валютасымен сауда-саттық көлемі — 6 млн доллар. Валютамен жүргізілген операциялар саны-8. 20 қазан күнгі ресми АҚШ долларының курсы — 276,88 теңге. Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 20 тамызынан бастап Қазақстан теңгені еркін айналымға жіберген еді. Енді теңге бағамы  нарықтық сұраныс пен ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырылып ұсынылады.

Похожие материалы