Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кезектен тыс президент сайлауына 2015 жылмен салыстырғанда көбірек сома жұмсалады - ОСК

Кезектен тыс президент сайлауына 2015 жылмен салыстырғанда көбірек сома жұмсалады - ОСК

Нұр-Сұлтан. 10 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлауды өткізуге 2015 жылғы сайлау науқанына қарағанда көбірек сома қажет. Бұл туралы ОСК хатшысы Сабила Мұстафина айтты.

«Әрине, сома көп болады (2015 жылға арналған науқанға бөлінген сомадан), әзірге мен тек осыны айта аламын», - деді С. Мустафина.

Оның айтуынша, бюджеттің басым бөлігі комиссия мүшелерінің жалақысына кетеді.

«Мен бүгін 2019 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері артып, 42,5 мың теңге болғанын мысал ретінде келтірдім. Егер сіз сайлау туралы заңды ашсаңыз, онда комиссия мүшелерінің жалақысы - кемінде үш АЕК. Бюджеттің басым бөлігі жалақыға кетеді», - деп түсіндірді ОСК хатшысы.

С. Мустафина Ортсайлауком Үкіметтің қарауына мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу құнының алдын ала сметасын жібергенін, алайда осы сметадағы тағы да бірнеше тармақтарды толықтыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, алдын-ала сома мөлшері айтылмады.

«Әлі бірнеше позиция жоқ. Сондықтан мен жалпы соманы айта алмаймын», - деді С.Мустафина.

Айта кетейік, 2015 жылы кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге Үкімет резервінен 5,5 млрд теңге бөлінді.

Похожие материалы