Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кезектен тыс президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталады

Кезектен тыс президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталады

Астана. 22 қыркүйек. 7kun.kz – Кезектен тыс президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында хабарлады.

«Президент лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау белгіленген күннен кейінгі келесі күні басталады. Яғни 2022 жылғы 23 қыркүйекте басталады және 11 қазанда сағат 18.00-де аяқталады», – деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Оның айтуынша, президенттікке кандидат ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктерге тиесілі болады.

Кандидаттардың Конституция және «Сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін ОСК тиісті құжаттар ұсынылған кезден бастап бес күн ішінде анықтайды.

Кандидаттар мына құжаттарды ұсынуы керек:

  • республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
  • кандидаттың дауысқа түсуге келісім беруі туралы өтініші;
  • кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжаттар.

Похожие материалы