Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кезектен тыс президенттік сайлау Үкімет резервінен қаржыландырылуы мүмкін

Кезектен тыс президенттік сайлау Үкімет резервінен қаржыландырылуы мүмкін

Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz – Қазақстан Үкіметі қажет болған жағдайда өз резервінен кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді қаржыландыра алады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

Дәленовтің айтуынша, бюджетте кезектен тыс президент сайлауына қаражат қарастырылмаған.

«Бюджет жоспарланған барлық нәрселерді белгілейді. Биыл сайлау өткізу жоспарланбағандықтан, олар қосылмады. Бірақ, әдетте, үкімет резерві секілді түсінік бар, одан шұғыл шығындар қаржыландырылады. Егер қажет болса, біз оларды қаржыландырамыз», - деп түсіндірді министр.

Похожие материалы