Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

КХДР Жапонияға қарай зымыран ұшырды

КХДР Жапонияға қарай зымыран ұшырды

Пхеньян. 29 тамыз. 7kun.kz - КХДР Жапонияға қарай кезекті рет зымыран ұшырды. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.

генттіктің хабарлауынша, КХДР ұшырған зымыран үш бөлікке бөлініп, Жапонияның Хоккайдо аралының маңына құлаған. Бұл туралы сондай-ақ шұғыл баспасөз мәслихатында Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга мәлім етті.

Жапония билігі халықты шұғыл ақпараттандыру жүйесі J-Alert арқылы ескерту таратып, болжам бойынша, КХДР жіберген зымыран Жапонияның солтүстік-шығыс бөлігімен өтіп, Тынық мұхитқа қарай ұшқанын айтты. Ескерту Хоккайдо, Аомори, Мияги, Иватэ, Акита және Ямагата префектураларына қатысты.

Дереккөз: inform.kz

Похожие материалы