Өткен айда «Касперский зертханасы» кибер тыңшылықтағы ең қауіпті хакерлік топтар жайлы деректерді жария етті. Америкалық киберқылмыскерлер әлемдегі барлық компьютер тұтынушылардың қатқыл дискілеріндегі ақпаратты ұрлайтын бағдарлама пайдаланған.
20 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің әлемдегі ең ірі сим-карта өндіруші голландиялық Gemalto компаниясының құпия кілтін ұрлап кеткендігі белгілі болды. Компания жылына 2 миллиард сим-карта жасап шығарады. Осы арқылы американдық арнайы қызмет сот шешімдері немесе телекоммуникациялық компаниялардың әңгімелерін рұқсатсыз тыңдауға мүмкіндік алды.
Mobile Research Group компаниясының бас сарапшысы Эльдар Муртазин түсіндіргендей, сим-картаны сіз есігіңізді ашатын кілтпен салыстыруға болады. Ал оның шетелдік тыңшылардың қолыну түсуі - қауіпті жаңалық.
«Касперский зертханасының» мәлімдеуінше, 30 елдің басты мемлекеттік мекемелерінде жоюға болмайтын қатқыл дискдегі вирустар табылған. «Тіпті дискіні форматтау мен қайта орнатуда көмек көрсетпейді», - дейді компанияның вирусқа қарсы істер бойынша бас сарапшысы Александр Гостев.
IT-қауіпсіздік сарапшысы Тобиас Шредель енді соғыста қарапайым құрал пайдаланылмайды деп сенімділік білдірді. «Нағыз қақтығыс ғаламтор желісінде пайда болады. Мемлекеттер бір-біріне бұғау салуға тырысады», - дейді ол.
Газ құбырларындағы қуатты жарылыстар, жарықтың жаппай өшіп қалуы, ұшақтардың құлауы, рельстен поездардың шығып кетуі - бұлардың барлығын әдейі ұйымдастыруға да болады.
"Өндіріс обьектілеріне тоқталайық. Технологиялық процессті басқаруға болатын жүйелер бар. Олардың жұмысына кедергі келтіруге болмайды. Абайсызда жасалған әрекет біздің еркімізден тыс үлкен апатқа соқтыруы мүмкін. Мысалғы, бір ел аумағындағы мобильді байланыс жұмысын бұзсақ, оның барлық экономикалық әрекетіне тоқтау саламыз», - деп түсіндіреді Positive Technologies компаниясының техникалық директорының орынбасары Дмитрий Кузнецов.
Осы арада арнайы қызметі бүкіл әлемге бақылау жүргізгені анықталған АҚШ билігі енді жаңа заманғы гаджеттерді серіктес болуға шақырды.
«Американы киберқауіптен тазартудың бір жолы: мемлекет пен өндіріс орындары бірге жұмыс істеуі қажет, серіктес ретінде бір-бірімен ақпаратпен бөлісуі қажет», -деп мәлімдеді Барак Обама Apple корпорациясы бастаған трансұлттық корпорациялардың жиылысында.
АҚШ пен Канада Институтының бас ғылыми қызметкері Владимир Васильевтің айтуынша, Америка Құрама Штаттары үлкен масштабтағы киберсоғысқа дайындықты бастауы мүмкін. Оның атап өтуінше, Барак Обама АҚШ-тың басты кибер қарсыласы ретінде Қытай мен Ресейді біледі. Бірақ, дәл америкалық тыңшылықтан әлемдік басшылар телефонмен сөйлесуге сенім білдіре бермейді. Мәселен, Меркель Минскдегі кездесулердің алдында оны өшіріп, көмекшісіне берген.
Тағы бір мысал ретінде Вашингтон мен Пхьенянның киберқақтығысын келтіруге болады. Ақ үйдің ресми нұсқасы бойынша, Ким Чен Ын туралы фильмнің шығарылуына өкпелеген солтүстік кореялық хакерлер Sony Pictures компаниясының серверін бұзып, әлі прокатқа шығармаған бірнеше фильмдерді желіге таратып жіберген. Бұған сенуге де болады, бірақ виртуалды кеңістікте кімнің кінәлі екендіні анықтау қиын шаруа. Енді Солтүстік Кореяға қарсы қатаң санкциялар салынды.
Әр күн сайын кибершабуылдардың масштабы кеңейіп келеді. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша ресейлік компаниялардың бірі Украиналық оқиғалардан кейін әлеуметтік желілердегі белсенділіктің 50 пайызға артқанын тіркеген және бұл белсенділік жұмыс уақытында жүрген.
"Біздің азаматтарымызды ашушаң қылып, аз жұмыс істеп, көп саясатқа кетуі үшін санасына манипуляция жасауға тырысып жатқандары көрініп тұр. Бұл бағдарламаны басқа елдің мамандары жасап шығарады», - деп есептейді Group-IB компаниясының бас директоры Илья Сачков.
Қазақстандағы киберқауіптілік те ұлғая түсуде. 2014 жылдың үшінші тоқсаны бойынша республика тұтынушылары онлайн арқылы көбірек вирус жұқтырған елдердің рейтингісінде екінші орында тұр деп хабарлайды «Касперский зертханасынан».
Елдегі шабуылға тап болған тұтынушылар көлемі 45,92 пайызды құрайды, Ресейде бұл көрсеткіш - 46,68 пайыз. Оның ішінде бұғауланған кибершабуылдардың 33 пайызы АҚШ-та орналасқан веб-ресурстарды қолдану арқылы келген.
Сарапшылардың айтуынша Қазақстандық компанияларға желіл технология саласындағы киберқауіпсіздікке көңіл бөліну қажет. Ірі қазақстандық компаниялар киберқауіпсіздікке үлкен қаржы бөлуге дайын, ал орта бизнес интернеттегі қорғаныстың маңыздылығын толықтай түсіне қойған жоқ. Бұрын тек ірі америкалық компанияларға ғана қатысты орын алатын жағдайлар бізге де келді. Қазіргі киберхакерлер-жай ғана адамдар емес, бұл үлкен қаржылай ресурстарға ие болған өндіріске айналды. Олар экономикаға қауіп тигізе алады дейді олар.
Осыған дейін RRC Central Asia компаниясының директоры Сергей Шин Қазақстандағы ақпараттық және киберқауіпсіздік тас ғасырында қалған деп мәлімдеген еді. «Егер біздің ақпараттық қауіпсіздігімізі батыспен салыстырсақ, біз алыс дәуірде жүргендейміз. Қазақстан жылдар бойы ақпарат жинақтады, енді сол қорды қорғап қалу мәселесі туып тұр», - деді Шин.
Дайындаған Ақсәуле Әбітай "7"