Алматы. 17 тамыз. 7kun.kz — 16 тамызда «Sulpak Cinema» компаниясы мен Lumiera Cinema кинотеатры прокатқа бүгін шығатын «Киллердің оққағары» («Телохранитель киллера») фильмінің алдын ала жабық көрсетілімін өткізді.
Екі бір-біріне қарама-қайшы кейіпкер: мінезді әрі тәжірибелі киллер және салмақты да кәсіби оққағар, бұрыннан бәсекелес жау болған Сэмюэл Л. Джексон (Дариус Кинкейд) және Райан Рейнольдс (Майкл Брайс) 24 сағаттың ішінде Англиядан Гаагаға тірі жету үшін достасып, бірге әрекет ету керек, бұл, әрине, оңайға соқпайды.
[caption id="attachment_75803" align="aligncenter" width="640"] Фото: sxodim.com[/caption]Дариус Кинкейд жалдамалы кісі өлтіруші бола тұра, махаббатты бірінші орынға қоятын романтик (оның әйелін Сальма Хайек сомдайды) әрі философ. Ол өзін бұрын жалдамақшы болған диктаторға қарсы түсінік беруге келісті. Енді оған үлкен қауіп төніп тұр. Киллерді қорғау үшін кәсіби оққағар Майкл Брюс іске араласады. Екеуі бірге бір тәуліктің ішінде Англиядан Гаагаға жету керек. Шығыс-еуропалық диктатор Владислав Духович (Гари Олдман) тарапынан төнген қауіптен бөлек, екі жалдамалының бір-бірімен түсінісе алмай дал болуы 118 минутқа созылған фильмге әзіл қосып, комедиялық жанрда түсірілген боевиктің өз мақсатына жеткенін дәлелдей түседі.
Режиссері: Патрик Хьюз.
Басты рөлдерде: Райан Рейнольдс, Сэмюэл Л. Джексон, Гари Олдман, Сальма Хайек. MK