Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚР Үкіметі 2016 жылы Дүниежүзілік банктен несие алмақ

ҚР Үкіметі 2016 жылы Дүниежүзілік банктен несие алмақ

ҚР үкіметі Дүниежүзілік банктен орта және шағын бизнесті несиелендіру мақсатында 200 млн доллар көлемінде қаржы алу жоспарлануда. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

Ол аталған қаржы институтымен биылғы жылы үш келісім жасалғанын айтты. Оның мәлімдеуінше, орта және шағын бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жасалған жоба бекітілді, ал жұмыспен қамту және инновация бойынша жасалған жобаларды мәжіліс қарап жатыр. Сондай-ақ, орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Азиялық даму банкінен де (АДБ) 200 млн доллар қаржы алынбақ.
«2016 жылы орта және шағын бизнесті қолдау үшін АДБ-дан 200 млн доллар несие алынады. Сондай-ақ, "Ислам даму банкі" мен "Қазсушар" АҚ бірігіп, мемлекттік кепілдік арқылы Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында су тарту құрылыс жұмыстары мен суармалы жерлерді қайта қалпына келтіру ісі жүзеге асырылады", - деді Е. Досаев.

Похожие материалы