Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Медициналық сақтандыру жүйесі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етеді - Біртанов

Медициналық сақтандыру жүйесі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етеді - Біртанов

Астана. 22 шілде. 7kun.kz - Міндетті медициналық сақтандыру денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тікелей эфирде өткен теледебатта айтты.

«Болашақта біз демографиялық өзгерістердің болатындығына нық сеніміміз бар. Бізде халық қартайып, балалардың қатары артып келеді. Аурулардың сипаты да өзгеріп келеді. Яғни, бірінші кезекке созылмалы аурулар шығып келеді. Бұл қан тамыры қысымын төмендету үшін жаңа дәрілерді, қандағы қантты бақылаудың 6жаңа технологияларын, онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа технологияларын қажет етеді. Біз оларды дамыған елдерден көріп отырмыз. Осыған байланысты біз мол қаржыны қайдан алуымыз қажеттігін ойлауымыз керек.  Осы орайда медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі ең бірінші кезекте қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталғандығы шындық. Ал оның дамуы үшін бізге мол қаржы жинау керек, денсаулық сақтауға үлкен қаражат қажет», - деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің 1,9 пайызы денсаулық сақтау саласына жұмсалады. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі бұл көрсеткіш 9 пайызға тең. Еліміздің мемлекеттік бюджетінен жыл сайын дамыған елдердегідей 12-13 пайыз қаржы денсаулық сақтау саласына жұмсалып келеді. Егер одан да мол қаржыны денсаулық сақтау саласына жұмсар болсақ, онда білім беру, құқық қорғау және қорғаныс салаларының шығыстарын қысқартуға тура келеді.

Похожие материалы