Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2022 жылғы республикалық бюджет шығыстары 2,7 трлн теңгеге ұлғайтылды

2022 жылғы республикалық бюджет шығыстары 2,7 трлн теңгеге ұлғайтылды

Бүгін Үкімет отырысында Республикалық бюджетті және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті нақтылау туралы заң жобалары мақұлданды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ұлттық экономика министрлігінің ақпаратына сәйкес, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, еліміздің ЖІӨ нақты өсімі 3,9%-дан 2,1%-ға дейін төмендеді. Номиналды ЖІӨ 91,5 трлн теңге көлемінде күтілуде, бұл мақұлданған болжамнан 4,5 трлн теңгеге жоғары. Болжам бойынша экспорт $67,5 млрд дейін, импорт $41,2 млрд дейін артады. Инфляция 8-10% дәлізінде анықталған.

Сонымен қатар, ҚР Қаржы министрлігінің деректері бойынша, республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2022 жылы 10 162 млрд теңге көлемінде бағаланады, бұл бекітілген жоспардан 955 млрд теңгеге жоғары. Республикалық бюджеттің шығыстарын түзетілген көлемге қатысты 2,7 трлн теңгеге ұлғайта отырып, 18 795 млрд теңге көлемінде айқындау ұсынылады.

 «Қосымша шығыстар Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың биылғы қаңтар айындағы, сондай-ақ Үкіметтің кеңейтілген отырысында және Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыруға жұмсалады. Сонымен бірге осыған дейін қабылданған шұғыл міндеттемелерді орындауға бағытталады», – деді Ә. Смайылов.

Үкімет мүшелері Нақтыланған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен биылғы жылғы республикалық бюджетті нақтылау бойынша тәсілдерді мақұлдады.

«Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері Премьер-Министр Кеңсесімен бірлесіп, заң жобасы мен Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын Парламентке енгізуді қамтамасыз етсін», - деді Әлихан Смайылов.

Похожие материалы