Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Үкімет республикалық бюджеттегі мұнай бағасын қайта қарастырады

Үкімет республикалық бюджеттегі мұнай бағасын қайта қарастырады
Астана. 20 желтоқсан. 7kun.kz - Үкімет  мұнай бағасының 2017-2019 жылғы өсіміне қарай республикалық бюджетті қайта қарауды жоспарлап отыр. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың сөзінше, нақтыланған бюджетті 2017 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін қабылдау керек. «Біз мұнай бағасы жоғарылайды деген болжаммен қараймыз. Өздеріңіз білетіндей, республикалық бюджеттегі мұнай бағасы 35 доллар. Күнделікті өндірісті азайту бойынша ОПЕК келісімінен кейін баға 50 доллардан жоғары көтерілді. Осыған байланысты біз болжамдарымызды қайта қарауымыз керек. Қазіргі уақытта ұлттық банк, энергетика және экономика министрлігі есептеулер жүргізуде. Осыдан кейін үкімет  бюджет параметрлеріндегі қандай макро немесе микрокөрсеткіштердің өзгеретіні туралы  шешім қабылдайды»,- деді Сұлтанов.

Жазира САМИДИНОВА "7"

Похожие материалы