Экономика
Медиа
Үкіметтің ақпараттық саясатына өзгерту енгізіледі
Үкіметтің ақпараттық саясатына өзгерту енгізіледі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Үкіметтің ақпараттық саясатына түзету енгізілетіндігі сөзсіз. Азматтар мемлекеттік органдардың немен айналысатындығын білуге құқылы әрі, тиіс те. Біз қандай да бір мәселеде бұрмалаушылық, қосарланған пікір болмауы үшін ақпаратты жедел жеткізуміз қажет», - деп атап өтті Үкімет басшысы БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның сөзіне қарағанда, Үкіметтің отырыстарын онлайн режімде тарату жағдайдан шығудың жолы емес.
«Біз мұны қандай нысанда жасайтындығымызды ақылдасамыз. Меніңше, отырысты тек қана транслациялау бұл жағдайдан шығу жолы емес. Дегенмен, дұрыс әрі, нақты ақпаратты жеткізуді қамтамасыз ететін боламыз. Біз бұл жұмыстарды жүргіземіз әрі ақпаратты қалай жеткізу тәсілін табамыз», - деді К.Мәсімов.
ҚазАқпарат