Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттар конкурсы басталды
Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурсын жариялайды.
Конкурс Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, грант және сыйлықақылар туралы» Заңына, ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес азаматтық бастамаларды қолдап, әлеуметтік саланың дамуындағы өзекті проблемаларды шешуге азаматтық институттар әлеуетін тарту үшін ұйымдастырылады.
Сұраныстар 2019 жылдың 28 наурыз күні сағат 18.00-ге дейін қабылданады.