Экономика
IT, Технология
Кірістер комитеті шағымдарды WhatsApp арқылы қабылдай бастады
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Дәулет Ерғожин экономикалық саладағы бұзушылықтар туралы шағымдарды WhatsApp арқылы қабылдау басталғанын жариялады.
"Біз
+7 700 102 02 02 нөмірі бойынша Whatsapp аштық. Осыған экономикалық саладағы бұзушылықтар туралы фото, видеоматериалдарды жолдаңыздар. Әр фактіні жеке қарайтын боламыз», - деді Д.Ерғожин өзінің
Twitter парақшасында.