Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Клиенттермен тегін SMS арқылы кері байланыс орнатуға болады

Клиенттермен тегін SMS арқылы кері байланыс орнатуға болады

Алматы. 17 ақпан. 7kun.kz - Енді кәсіпкерлер тегін SMS-тер көмегімен клиенттер арасында мобильді сауалнама жүргізе алады. «Кселл» компаниясы «Бизнес пульс» атты жаңа қызметті  іске қосты.

Бұл құрал арқылы мақсатты аудиторияны қамтуға, үнемділікті, бақылау мүмкіндігін, жаңа клиенттерді тартуға мүмкіндік бар. Бұрынғы клиентерден айырылмауға жұмсалатын шығындарды айтарлықтай азайтып,  клиенттік базаны ұлғайтуға  және олардан кері байланысты арттыруға болады. 

«Бизнес Пульс» әрбір клиентке  өзі қызметін пайдаланған қандай да бір компаниялардың, кәсіпорындардың  жұмысына, қызметтеріне немесе өнімдеріне қатысты пікір білдіруге және бағалауға мүмкіндік береді.  Сауалнама баға берудің үш нұсқасын қамтиды: оң,теріс және менеджердің кері қоңырауына тапсырыс беру. Баға берудің әрбір түріне код беріледі. Клиенттер  арнайы нөмірге өзінің беретін бағасын жаза отырып тегін SMS жібереді.

"Атап өтетін жайт, осындай технологияларды пайдаланумен тұтынушыларды зерттеуді көптеген танымал брендтер жүргізеді, алайда Қазақстан үшін бұл қызмет бірегей болып табылады", - дейді «Кселл» АҚ Басты атқарушы директоры Арти Отс. 

Похожие материалы