Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«ӨКМ Операторы» басшылығы мен Экология минстрлігінің шенеуніктері 180 млрд теңге жымқырмақ болған

«ӨКМ Операторы» басшылығы мен Экология минстрлігінің шенеуніктері 180 млрд теңге жымқырмақ болған

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Экология министрлігінің лауазымды тұлғалары және "ӨКМ Операторы" ЖШС басшылығы 180 миллиард теңге жымқырмақ болған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство хабарлағандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратураның үйлестіруімен "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің 180 миллиард теңге көлемінде ақша қаражатын ұрлаудың алдын алған.

"Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғалары және "ӨКМ Операторы" ЖШС басшылығы электр энергиясын өндіретін 6 қоқыс жағатын зауыт салу үшін жеке ұйымды заңсыз қаржыландыру жолымен кәдеге жарату алымдары түрінде жиналған 180 миллиард теңгені ұрлауға ниеттенген", - делінген хабарламада.

Слндай-ақ, бұл ретте электр энергиясын мемлекет 15 жыл ішінде негізсіз жоғары тариф бойынша сатып алуға және жеке компанияға миллиардтаған пайда әкелуге кепілдік беруі керек болған.

"Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде аталған заңсыз әрекеттер әшкереленіп, ақшалай қаражат бұғатталған. Экология вице-министрі мен "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы басшылары қамауда. Кінәлілік туралы қорытынды шешімді сот анықтайды", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.

Похожие материалы