Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстаннан ақша аударымдары көбінесе Түркия мен Өзбекстанға жасалған

Қазақстаннан ақша аударымдары көбінесе Түркия мен Өзбекстанға жасалған

Қазақстаннан жасалатын ақша аударымдары өсті, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ұлттық банктің мәліметінше, ағымдағы жылдың қаңтарында елден 100,5 мың транзакция жасалған. Ақша аударымдарының жалпы сомасы 45,6 млрд теңгені құрады (2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда +14,8%-ға көп).

Ақшаның басым бөлігі Түркияға – 10,3 млрд теңге және Өзбекстанға – 9,3 млрд теңге аударылған. Одан кейінгі орында тұрған Қырғызстанға – 8,3 млрд теңге, Ресейге – 7,2 млрд теңге және Грузияға – 3,5 млрд теңге аударылды. Ең аз ақша аударымы Тәжікстанға – 1 млрд теңгеден астам және Оңтүстік Кореяға – 422,4 млн теңгені құрайды.

Ал Қазақстанға қаңтарда шетелден 13,6 млрд теңгеге (-39,3%) 53,8 мың транзакция жасалды.

Мұнда негізінен Өзбекстаннан – 2,5 млрд теңге, Оңтүстік Кореядан – 2,1 млрд теңге, АҚШ-тан – 2 млрд теңгеге жуық және Ресейден – 1,6 млрд теңге ақша түсті. Ең аз қаражат Израильден – 203,3 млн теңге және Франциядан – 182,2 млн теңге жіберілген.

Сонымен қатар, Қазақстан ішінде 5,22 млрд теңгеге (+40%) 40,3 мың транзакция жасалған.

Похожие материалы