Алматы. 22 қазан. 7kun.kz – Еліміздегі көмір өндірісі жалпы ішкі өнімнің 1,5%-ын құрайды. Ол 28 мың адамды жұмыспен қамтып отыр.
Қолданыстағы электр энергиясының 70%-ы көмір өндірісіне тиесілі. Биыл 9 айдың ішінде «Шұбаркөл көмір» компаниясы 2 миллион 509 мың тонна көмір жеткізді. «Қаражыра» кәсіпорны ел тұрғындарына 1 миллион 647 мың тонна көмір әкелді. Енді олар алдағы уақытта 20 миллион тоннадан астам көмірді өндіруге қауқарлы. Ал, Майкубен-Вест халықты шамамен 5 миллион тонна көмірмен қамтамасыз етпекші.