Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Коммерциялық банктерге 120 млн теңгеге айыппұл салынды

Коммерциялық банктерге 120 млн теңгеге айыппұл салынды

"Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры екінші деңгейлі банктерге айыппұл санкцияларын төлеу туралы талап қойды. Олар 2014 жыл үшін 27 млн 367,435 мың теңге және 2015 жылдың 1 жарты жылдығында 92 млн 646,456 мың теңге көлеміндегі соманы мақсатсыз пайдаланған. Бұл туралы қор басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

"2014 жылдың қорытындысы бойынша біз екінші деңгейлі банктер мен лизингті компаниялардың 467, ал 2015 жылдың 1 тоқсанында 14 заң бұзушылыққа жол бергендігін анықтадық", - деп түсіндіріп өтті Л.Ибрагимова. Оның хабарлауынша, банктер қарыз алушылардың өтініштерін қанағаттандырған кездегі бақылауды күшейту үшін және қателіктер болдырмас үшін қор жаңа сауалнама үлгісін құрастырып шығарған. " Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында банктермен арадағы несиелік келісімдерге өзгеріс енгізілді. Екінші деңгейлі банктер мен "Даму" қоры арасында ақпарат сақтайтын және алмасатын электронды база құрылып, мониторинг жүйесін оңтайландырдық", - деді қор басқармасының төрағасы.

Похожие материалы