Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Компанияларды рейдерлік жолмен басып алу ісі: 18 миллиард теңге залал келген

Компанияларды рейдерлік жолмен басып алу ісі: 18 миллиард теңге залал келген

Нұр-Сұлтан. 31 тамыз. 7kun.kz – Қаржы мониторингі агенттігі бірнеше ЖШС-ны рейдерлік жолмен басып алу дерегі бойынша соталды тергеу жүргізуде. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша зардап шегушіге келтірілген шығын көлемі 18 миллиард теңгеден асады.

«Биыл 14 шілдеде сот Р. Бабаев, Т. Танашев, Д. Әбижанов және А. Алтыбасаровқа қатысты қамауға алуды санкциялады. Қоспаев, Шалин және Имашевқа халықаралық іздеу жарияланды. Мүлікті анықтау және тыйым салу шаралары қабылданды», – делінген хабарламада.

Олардың 9 миллион долларға жуық қаражаты бұғатталып, зергерлік бұйымдары тәркіленді.

«Күдіктілер мен оларға қатысты тұлғалардың 154 жылжымайтын мүлік нысаны (тұрғын үй кешенінде 102 пәтер, 6 жекеменшік үй, 28 тұрғын емес үй, 11 учаске, бір сауда нысаны, екі қала, төрт көлік тұрағы), 19 көлік тәркіленген. Соталды тергеу жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.

Өзге мәлімет жария етілуге жатпайды.

Похожие материалы