Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Kompetenz сақтандыру лицензиясынан айырылды

Kompetenz сақтандыру лицензиясынан айырылды

Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – Ұлттық банк «Kompetenz» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыру туралы хабарлады.

Реттеушінің ақпаратына сәйкес, 31 қаңтарда уақытша әкімшілік тағайындалды, оған Сақтандыру ұйымының барлық басқару органдарының өкілеттіктері өтті.

«Сақтандыру ұйымы 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап қаржылық қызметін, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға байланысты жағдайларды қоспағанда, қолданыстағы шоттар бойынша операцияларды жүзеге асыруды тоқтатады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңнамада белгіленген тәртіппен Сақтандыру ұйымының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді», - деп хабарлады қадағалау ведомствосынан..

Ұлттық банк Сақтандыру ұйымын Лицензиядан айырған күннен бастап кредиторлардың Сақтандыру ұйымына талаптары Сақтандыру ұйымын ұстауға жұмсалатын ағымдағы шығыстармен байланысты талаптарды қоспағанда, тарату өндірісінде ғана қойылуы мүмкін екенін атап өтті.

Похожие материалы