Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Конституциялық кеңес Президенттің өтінішін қабылдады

Конституциялық кеңес Президенттің өтінішін қабылдады

Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz – Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңеске президент өкілеттігін тоқтату туралы тармақты ресми түсіндіру жөнінде өтініш білдірді. Бұл туралы Конституциялық кеңестің ресми сайтында жарияланды.

«2019 жылғы 4 ақпанда Республиканың Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады». - делінген хабарламада.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде

Бұл ҚР Конституциясының 42 бабының 3-ші тармағы. Онда президент өкілеттігі жаңа сайланған президент қызметіне кіріскенде, сондай-ақ мерзімінен бұрын орнын босатқанда және қызметінен өз еркімен кеткенде немесе қазасына орай тоқтатылатыны көрсетілген.  

Похожие материалы