Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Корея мен Қазақстан арасындағы сауда 3 есе ұлғайды

Корея мен Қазақстан арасындағы сауда 3 есе ұлғайды

Алматы. 20 шілде. 7kun.kz - 2017 жылы қаңтар-сәуірінде сауда айналымының сомасы 2016 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 390 млн долларға (278%) артты. Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның ынтымақтастық форумында Кореяның «KOTRA» сауда және инвестициялар бойынша агенттігінің басшысы Канг Санг Ёп хабарлады.

«2014 жылы сауда айналымының жалпы көлемі 1 млрд 460 мың долларды құраған. Мұнай бағасы төмендеп, экономиканың тоқырауы салдарынан 2015 жылы бұл сома 55 пайызға (760 млн долларға) түсті. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш тағы 16,9 пайызға құлдырап, 650 млн долларды құрады.», - деді Канг Санг Ёп.

Агенттік басшысының айтуынша, бұл көрсеткіштер Қазақстан экономикасының жақсарғанын білдіреді.  2016 жылы Кореяның Қазақстанға экспорты 360 млн долларға дейін 19,9 пайызға төмендеді. Биылғы қаңтар-сәуірде экспорт көлемі 2016 жылғы кезеңмен салыстырғанда 91,5 пайызға артып, 140 миллион долларды құрады. Негізгі экспорт өнімдері - кабель, жылыту құрылғылары, синтетикалық шайыр, автобөлшектер, жеңіл автокөліктер, ауыр құрылыс техникасы және косметика.

«KOTRA» агенттігінің басшысы бұл деректердің Кореяның кедендік қызметі негізінде келтірілгенін айтты.

Похожие материалы