Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Коронавирус пандемиясы аяқталды – Алмаз Шарман

Коронавирус пандемиясы аяқталды – Алмаз Шарман


Алматы. 18 мамыр. 7kun.kz – Америкалық дәрігер-ғалым, Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарманның айтуынша, әлемдегі коронавирус індеті басылып келеді, деп хабарлайды 7kun.kz.   

Қазақстаннан шыққан дәрігер-ғалым өз пікірін Facebook парақшасына жазды. Алмаз Шарманның айтуынша, пандемияның басылуына бірнеше жағдай әсер еткен.

«Мен жарты жыл бұрын сұқбат бергенде айтқан едім, 2022 жылы пандемия басылады деп. Дәл солай болып жатыр. Бұған әсер еткен бірнеше жағдай: бірінші, көпшілікте ұжымдық иммунитет қалыптасты. Себебі: біршама адам ауырып жазылды және көп адам вакцина қалбылдады. Екінші, коронавирус SARS-CoV2 адамдар арасында орнықты», деп жазды ол.

Дәрігердің айтуынша, вирус ешқайда кеткен жоқ, кетпейді. Кейде өзін көрсетіп, байқатып тұрады. Тек созылмалы сырқаты барларға қаупті болуы мүмкін. Жаңа штаммдармен ауру туғызып отырады.

Похожие материалы