Алматы. 24 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың маусымында шағын бизнеске арналған несие көлемі 3,11 трлн теңгеге жетті. ҚР ЕДБ қарыз портфелінің үлесі 24,5 пайызға жетті.
Екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) несиелері бір жылда 14,4 пайызға өсіп (390,4 млрд теңге), 2017 жылдың маусымында 3,11 трлн теңге рекордтық сомаға жетті. Ал маусым айындағы өсім 2,2 пайызды (68,3 млрд теңге) құрады.
Шағын бизнес несиесінің салыстырмалы көлемі 21,8 пайыздан 24,5 пайызға артты. Бұл соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. 2017 жылдың шілдесінде мұндай несиелердің ҚР ЕДБ жалпы портфеліндегі көлемі 24,1 пайызды көрсетті.
Шағын бизнесті несиелендіру бойынша Астана қаласы көш бастап тұр. 2017 жылдың маусымында көрсеткіш 161,2 млрд теңгеге жетті (өсім - 21,5%). ҚР үлесі 27,6 пайыздан 29,3 пайызға өсті.
Екінші орынла - Алматы қаласы. Ондағы шағын бизнеске арналған несие көлемі 141,0 млрд теңгені (10,5%) құрады. Несие портфелі 1,49 трлн теңге болды.