Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz – Ресейде кредиттік карта иелері ақшаны ломбард арқылы қолма-қол алудың жаңа схемасын ойлап тапты. Бұл туралы «Ведомости» жазады.
Ломбард желісінің жетекшілері қаражатты кредит картасынан 0,3-0,4 пайыз комиссиямен қолма-қол алу туралы жүйені айтып берді. Олардың айтуынша, клиенттер ломбардқа зергерлік бұйымдарын өткізеді. Бірнеше минуттан кейін, кредиттік карта ақылы төлем жасап қайтадан сатып алады.
Сбербанкте картадан ақшаны шешім алу үшін, 3-4 пайыз комиссия ұсталынады. Альфа-банкте 3,9-5,9 пайыз. «ВТБ 24» банкінде комиссия көлемі 1,-5,5 пайызға дейін. Ал ломбардта клиенттер тауарларын 0,3-0,4 пайызбен ғана сатып алады.
«Кредиттік карта арқылы жасалатын мұндай бір күндік операциялар өте жиі жасалады. Сондықтан бұл жүйе ақшаны қолма-қол алудың амалы екеніне сенімдіміз», - деп атап өтті «Фианит-ломбард» желісінің бас директоры Станислав Боронин.
Ол өз ломбард бөлімдерінде жасалған мұндай операциялар сомасын 15 млн рубльге бағалады.
«Залог успеха» желісі бас директорының орынбасары Людмила Грибок мұндай жүйенің ломбардтарға шығын әкелетінің айтты. Себебі, ақша шешіп алу үшін ломбард 3 пайыз комиссия төлеу керек. Ал үлкен сомадағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін тағы да 2 пайыз төлем жасау керек. Ал заң бойынша, олар мұндай қызметтерден бас тарта алмайды.
Ресейің орталық банкі бұл схема туралы біледі. Алайда реттеушінің есебінше, оның көлемі салыстырмалы түрде көп емес. Шамамен айына 100 млн рубль.