Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Криптовалюта бағамы көтерілді

Криптовалюта бағамы көтерілді

Алматы. 27 мамыр. 7kun.kz – Facebook-тің криптовалютасын шығаратыны туралы жаңалығы негізгі сандық ақшалардың бағасына әсер етті. Сондай-ақ, Samsung те өзінің Samsung Pay төлем қызметінде криптоақшаларды біріктіруді жоспарлап отырғанын хабарлады, - деп жазады Forex Club.

Сандық ақша төңірегіндегі осындай жағымды жаңалықтар биткойн бағасының 1 тәулікте 8777 долларға жетуіне әсер етті. Ал Ethereum 7,89 пайызға нығайып, 269,9 долларды құрады. XRP 8,05 пайызға көтеріліп, 0,41 доллар болды. Litecoin 7,36 пайызға көтерілген, оның бағасы 115,5 долларға жетті.

Қаржы скауттары сандық ақшалар бағамының өсуі жалғасатынын болжайды. Биткойн 8900 долларға жетеді.

Похожие материалы