Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz – Криптовалюталар құны Skype пен XRP туралы жақсы жаңалықтарға қарамастан төмендеуде, - деп хабарлайды Forex Club.
Бейсенбі күні негізгі криптовалюталар бағамы төмендеді. Оның көтерілуіне XRP Skype-қа микротранзакцияларды жүргізу құралы ретінде біріктірілуі мүмкін деген жағымды жаңалық та әсер еткен жоқ.
Libertex деректері бойынша, XRP бағамы бір тәулікте 4%-ға –14,2 млрд доллар капиталмен 0,336 долларға дейін төмендеді. Ал, биткоин 0,55%-ға, яғни 5215 долларға дейін арзандап, 92 млрд долларды құрады. Ethereum құны бір тәулік ішінде 5,15%-ға төмендеп, 18,1 млрд долларға жетті, капиталы – 171,1 долларға тең. Litecoin 3,4%-ға, яғни 85,3 долларға дейін төмендеп, капиталы 5,2 млрд долларды құрады.
Криптонарықтың жалпы капиталы 177,6 млрд долларға жетті.
Қаржылық скауттардың пікірінше, нарық таяу болашақта айтарлықтай өзгермелі болмақ. Олардың пікірінше, Bitcoin көп ұзамай 5150 долларға, Ethereum – 170 долларға дейін, XRP – 0,32 долларға дейін, ал Litecoin – 84 долларға дейін төмендеуі мүмкін.