Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Кселл» операторына 1 млн теңге айыппұл салынды

«Кселл» операторына 1 млн теңге айыппұл салынды

«Кселл»  ұялы байланысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық сотының 2015 жылдың 28 шілдесіндегі №3-184/2015 қаулысымен "Кселл" АҚ-на 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 991 000 теңгеге Mini-Link радиоэлектрондық құралы тәркіленді.  Қазақстан  Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 463 бабы 2 тармағына сәйкес айыппұл салынды», - деп хабарлады Қазақстан қор биржасы (KASE).

Естеріңізге сала кетейік, 9 қыркүйек күні компания желісінің  коммутациялық құрылғыларында ақау орнаған. Салдарынан 100 мыңға жуық абонент байланыссыз қалды. Желі жұмысы түнгі 22:00 шамасында қалпына келтірілді.
Оған дейін желідегі кемшіліктерді байқаған «Кселл» компаниясының мамандары 12 минут ішінде компанияның жаҺандық техника қолдаушысы Ericssonды қосып үлгерген.
 

Похожие материалы