Алматы. 4 наурыз. 7kun.kz – Кувейт Қазақстанға тікелей әуе қатынасын ашуды ұсынды, деп хабарлайды Қазақстан СІМ баспасөз қызметі.
1-2 наурызда Қазақстан СІМ басшысы Бейбіт Атамқұлов Кувейт, Сауд Арабиясы, БАӘ, Иордания және Индонезия Сыртқы істер министрлерімен келіссөздер жүргізді.
Кувейт Мемлекеті Сыртқы істер министрі шейх Сабах аль-Халед Ас-Сабах Қазақстанға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өз күш-жігері үшін ризашылығын білдіріп, сондай-ақ осы халықаралық ұйымның алаңында екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық пен үйлестірудің жоғары деңгейі үшін алғысын айтты.
ҚР СІМ хабарлауынша, тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды күшейту мәселелерін талқылады.
"Кувейт тарапы Қазақстан мен Кувейт арасындағы туризмді дамытуға ықпал ететін және екі ел арасындағы экономикалық, гуманитарлық және мәдени байланыстарға оң серпін беретін тікелей әуе қатынасын ашуды ұсынды", - делінген хабарламада.