Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кувейт мұнай өндірісін екі есе арттыруды жоспарлауда

Кувейт мұнай өндірісін екі есе арттыруды жоспарлауда

Кувейт алдағы төрт жылда мұнай өндірісінің көлемін екі есе арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Лондон қаласында өткен бүкіл әлемдік Platts мұнай саммитінде Kuwait Petroleum Corp. мемлекеттік мұнай компаниясын зерттеу жөніндегі директоры Абдулазиз аль Аттар мәлімдеді.

Оның сөзінше, 2020 жылы мемлекет тәулігіне өндірілетін мұнай көлемін 4 млн баррелге дейін арттырмақ және осы көрсеткішті 2030 жылға дейін сақтау жоспарлануда. Жоспарланған көлем Кувейт үшін рекрдтық көрсеткіш және 2016 жылдың наурыз айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 44%-ға жоғары.

ОПЕК мәліметтеріне сәйкес, наурыз айында Кувейттегі мұнай көлемі тәулігіне 2,77 млн баррелді құрады. Ал сәуір айында мұнай өндірісіндегі жұмысшылардың көтерілісінен кейін өндіріс тәулігіне 1,5 млн баррелге дейін төмендеді.

А.аль Аттар 2016-2017 жылдары мұнай бағасы біртіндеп тұрақтала бастайтынын және шикізатқа деген ұсыныстан гөрі сұраныстың артып жатқанын атап өтті.

Похожие материалы