Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кувейт мұнай саласына 115 млрд доллар жұмсайды

Кувейт мұнай саласына 115 млрд доллар жұмсайды

Эль-Кувейт. 30 мамыр. 7kun.kz - Кувейт алдағы 5 жылда мұнай саласын дамытуға 115 млрд доллар жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Кувейттің мұнай министрінің міндетін атқарушы Вафа аз-Зааби мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. 

«99 млрд доллардың 63%-ы Кувейтегі барлау өндіру саласына және 37%-ы мұнай химия өндірісін қайта өңдеуге жұмсалады. Мемлекет жағдайының 94%-ы мұнай саласына тәуелді болғандықтан, оның маңызы зор", - деді Аз-Зааби.

Сондай-ақ, ол үкімет мақсаты 2020 жылға қарай көмірсутегін өндіру деңгейін тәулігіне 3 млн баррелден 4 миллионға дейін арттыруды жоспарлап отырғанын және оны 2030 жылға дейін сақтауды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Похожие материалы