Пекин. 14 сәуір. 7kun.kz - Кеше Бейжіңде «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті Қанат Алпысбаев пен Қытай темір жолыдарының бас директоры Лу Дунфу кездесті. Екі тарап екіжақты қарым-қатынас мәселесін талқылады.
Қытай тарапының мәліметінше 2016 жылы Еуропаға жүк тасымалдау 104,5 мың жиырма футтық эквивалентке (ЖФЭ - контейнерлік сыйымдылықтың өлшемі-ред.) жеткен.
Қытай тарапы мұны жыл сайын арттырып отырмақ. Соған сәйкес Қытай халықаралық жүк тасымалдауды дамытудың бес жылдық жоспарын түзген. Бұл бойынша Қытай 2020 жылы Еуропаға жіберілетін жүк көлемін 800 мың ЖФЭ-ге жеткізуді көздеп отыр. Бұл ретте көршілеріміз Қазақстанды басты серіктес санайды.
2016 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы 16,6 пайызға артқан. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 8 млн тоннаға артық. Ал 2017 жылы бұл мөлшерді 10 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр.
Екі тараптың кездесуінде алдағы мамыр айынан бастап «Астана-Алтынкөл» бағытымен жүрдек жолаушылар пойызы іске қосылатыны туралы келісімге қол қойылған. Бұл пойыз ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Қытай тарапынан келушілерге қызмет көрсетпек.