Қазақстан "Lada" автокөліктерін ең көп сатып алатын ел атанды
15 января, 2019
Алматы. 15 қаңтар. 7kun.kz – Ресейде шығатын Lada автокөліктері ең көп экспортталатын ел - Қазақстан. "Колёса" сайтының хабарлауынша 2018 жылы Қазақстанға 13 мыңнан астам "АвтоВАЗ" өнімі келген.
Ресейдің аталған кәсіпорнының өнімдері әлемнің 34 еліне экспортталады. Олардың басым бөлігі дамушы елдердің (ТМД, Латын Америкасы, Таяу Шығыс) нарығында сатылады. "АвтоВАЗ" автомобилдері Еуропа елдеріне аса көп таралмай отыр. Бұған көліктен шығатын зиянды заттарға қатысты талаптардың тым қатал болуы себеп.Дегенмен "АвтоВАЗ"-дың былтырғы экспорт көлемі біраз артқан. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 57 %-ға артық. Сатып алушы елдер тізімінде Қазақстан бірінші орында тұр - 13 192 автокөлік. Екінші орында - 10 464 көлік алған Беларусь Республикасы, 2 649 сатып алған Өзбекстан үштікке кіреді.Сыртқы нарыққа сатылған Lada көліктерінің ішінде Vesta моделі көп сұранысқа ие екен. Ал Қазақстанда Granta алғандардың саны басым.