Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Латвия Ресей мен ТМД елдерінен офшорға ақша шығаратын жолды жабады

Латвия Ресей мен ТМД елдерінен офшорға ақша шығаратын жолды жабады

Алматы. 22 наурыз. 7kun.kz - Алдағы жарты жыл көлемінде Латвия Ресей мен ТМД-дан жасырын ақшаны офшорға шығаратын жолды жабады. Мұндай өзгерісті Рига АҚШ-тың ықпалымен жасап отыр. Бұл ТМД елдеріне қарағанда Ресейге қарсы бағытталған экономикалық соғыстың бір бағыты сияқты. 

1990 жылдардан бастап посткеңестік елдерге көлеңкелі ақшаны заңдастыруға көмектесіп келген Латвияның қаржы секторы трансформацияға дайындалуда. Жақында елдің Қаржы министрі Дана Рейзниеце-Озола банк секторының "резиденттік емес" бөлігін 34-тен 5%-ға қысқаратынын айтты. Мұның салдарынан банктердің басым бөлігіне бизнес үлгісін өзгертуге тура келеді. Ең бастысы - Ресей мен ТМД елдеріндегі көлеңкелі жолмен тапқан қаражатты Латвия арқылы  офшорға шығарып, заңдастыруға мүмкіндік беретін жол жабылады. Өзгеріске триггер болған АҚШ-тың ұстанымы. Бұл елдің пікірінше латвиялық банктер арқылы өтіп жатқан ақша халықаралық санкцияларды айналып кетуде және Солтүстік Кореяның ядролық-ракета бағдарламасын қаржыландыруда.

Әңгіме қайдан шықты?

Ақпан айының ортасында АҚШ Қаржы министрлігіне бағынышты қаржы қылмыстарымен күрес жөніндегі желі (FinCEN) министрлікке латвиялық ABLV-ды заңсыз ақша айналымына қатысы күдіктілер қатарына қосуды ұсынған. FinCEN мәліметінше банк сакция салынған ұйымдарға көмек көрсеткен, Әзірбайжан, Ресей мен Украинамен байланысы бар заңсыз операцияларды жүзеге асырған және латвиялық шенеуніктерге пара берген. Ақпан айының соңында өз еркімен жабылған банктен салымшылар €600 млн қайтарып алған. Артынша Norvik Banka банкінен клиенттер €43 млн алып кеткен. Банк саласындағы жағдайдың ушығуынан кейін Латвияның Орталық банкі дағдарысқа қарсы жұмыс тобын құрды. Сонымен қатар латвияның жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бюросы Орталық банк төрағасы, Еуропалық орталық банктің басқарушылар кеңесінің мүшесі Илмар Римшевичті €100 мың көлемінде пара талап еткені үшін ұстады. Римашевичтің өзі мұны жоққа шығарды. Бұдан кейін оны Norvik банкінің басты акционері, Ұлыбритания азаматы Григорий Гусельников пара сұрады деп айыптап, халықаралық сотқа шағым түсірді. Римашевич өз кезегінде "бұл банк рететушіге жалған ақпарат берді, сол үшін банк лицензиясын қайтарып алуымыз мүмкін", деді. Сондай-ақ, Associated Press мәліметінше шенеунік Ресейде соңғы жеті жылда сегіз рет болған. Бұл да күдік тудырады. Қысқасы жоғарыдағы Ресейге қарсы "экономикалық соғыстың" бір бөлігі дегеніміз осыдан шығады.

Латвияның қаржы жүйесі қандай? 

1990 жылдардан бастап бір жағынан Латвия Ресей, Қазақстан, Украина, бір жағынан Еуропе елдері арасында қаржы көпірі болды. Елдегі банк секторында екіжақты құрылым қалыптасты: Латвияның ішкі нарығына бейімделген скандинавиялық қаржы топтарына тиеселі банктер және резидент емес тұлғаларға қызмет көрсетуші банктер.

"Резидент емес" банктер жаппай жылдам, арзан түрде шетелдік клиенттер үшін офшорлық құрылымдар ашып, уақытша шоттар арқылы клиенттерге офшорға қаражат шығаруға көмектесумен айналысты. Мұндай банктердегі салымдардың 90% талап еткенге дейін, яғни клиенттер кез-келген уақытта қаражатын шешіп алады.

Қазіргі кезде Латвияда 15 банк жұмыс істейді. Оның төртеуі — SEB, Swedbank, Luminor (швед холдингтерімен бақыланады) және Citadele (бұрынғы Parex bank) —негізінен жергілікті клиенттерге қызмет көрсетеді, ал қалған 11 банктің қызметі — резидент еместермен байланысты.

Financial Times-ке сұхбат берген Қаржы министрі Рейзниеце-Озоланың айтуынша алдағы алты айда ел билігі резидент емес тұлғаларға қызмет көрсететін банктердің үлесін 34-тен 5%-ға дейін азайтпақ. Бұл банктердің Латвияның ІЖӨ-не тікелей үлесі 1,1%, мультипликативтік  эффектсі —ІЖӨ-нің 2,4%. Әрі мұның салдарынан банк секторы депозиттердегі €7 млрд айырылмақ. Мұның резидент еместерге тиеселісі €4–5 млрд.

Бұл өзгеріс Латвияның қаржы жүйесі үшін үлкен өзгеріс әкеледі. Шығыны да үлкен. Өзіне салса Латвия мұны ешқашан өзгертпеуі де мүмкін ба еді, алайда АҚШ... бой бермеген сияқты.

Өйткені Латвияның Қаржы министріне мұндай шешім қабылдауға АҚШ қаржы министрінің терроризм мәселесі жөніндегі көмекшісі Маршалл Биллингсли 8 наурыздағы кездесуі кезінде кеңес берген, деп жазады латвиялық  Ir басылымы. Биллингсли көптеген батыс елдерінде резидент еместерге тиеселі депозит көлемі 4–6% аспайтынын айтқан. Ал Латвия бұл жағынан ЕО елдеріндегі офшорлық аймақ саналатын Люксембург, Мальта, Нидерланды мен Кипрден де озып тұр. Бұлардағы резидент еместерге тиеселі депозит көлемі қоса алғанда Латвиядан аз.

Әрі Латвия арқылы әлемдегі долларлық транзакцияның 1% өтеді. Елдің көлемін ескерсек, бұл тым көп. Америка билігі долларды бақылайтынын әрі мұндай транзакцияларды жауып тастауы мүмкін екенін ескеріп, Латвия банктері соңғы кезде базалық валюта ретінде еуроға өте бастады. Қаржы институттары мұны халықтан жасырып, операциялық техникалық жағдайлармен байланыстырады.

Алайда ел банктеріндегі резидент емес клиенттердің қаражаттары доллармен сақталуда. Өйткені доллармен сақтау тиімді, сақтау үшін комиссия мүлдем аз.  Ал еуро үшін комиссия тым жоғары. Мұны банктер өздігінен бекіте алмайды, Еуропалық орталық банк бекіткен комиссияға бағынуға мәжбүр. Сонымен қатар Еуропалық орталық банктің ставкасы фежералқдық резерв жүйесінің ставкасынан төмен, сондықтан еуродағы салымдардың кірісі долларға қарағанда аз. Алайда доллардық төлемдер АҚШ банктерінің корреспонденттік шоттары арқылы өтеді. Мұнда талап күшті, ақшаның шығу көзін мұқият тексереді. Сондықтан долларлық транзакциялар транзакция үшін ғана емес, банктерге де назар аудартады. АҚШ бұған назар аударып, "қазіргі геосаяси жағдайда шекаралық мемлекет, НАТО мүшесі үшін мұндай үлкен көлемдегі ақшаның болуы қауіпті", деген пікірді елдің  премьер-министрі Марис Кучинскистің аузымен айтқызды.

"Қауіпті транзакциялар біздің қауіпсіздікпен тығыз байланысты, - деді ол Bloomberg-ке берген сұхбатында — Өйткені біз НАТО мүшесіміз және Ресеймен көршіміз, біздің қауіпсіздігіміз біздің банк секторының жағдайына байланысты", - деді.

Резидент еместердің салымының көптігі қауіпті екенін Латвияға Халықаралық валюта қоры, Еуроодақ, Экономикалық серіктестік және даму ұйымы мен түрлі эксперттер мен сарапшылар да ескертті. Бұдан кейін елдің Орталық банкі стресс-тест өткізіп, банктердің резидент емес тұлғалар өздеріне тиеселі депозиттің 60% алып кетуіне дайын екендігін көрсеткен. Бірақ банктердің басым бөлігі америкалық қаржыны жымқыру мен заңдастыруға қарсылық аудиті яғни AML-аудиттен өтпей қалған. Мұны билік халықтан жасырып қалған. Банктер де бұған қарамастан қызметін жалғастыра берген. Мысалы: аудиттен өтпеген банк өткен банкпен корреспонтенттік қарым -қатынас шартын жасап, транзиттік қызметін жүзеге асыра береді.

Қазіргі таңда Латвияда ресейлік үлесі бар әрі резидент еместерге қызмет көрсетумен айналысатын үш банк: елдегі жетінші банк Norvik пен  Rigensis,  Expobank бар. Латвияның қаржы саласындағы өзгеріс бұл үш банкті айналып өтпеуі мүмкін, тіпті тікелей осыларға қарсы бағытталуы да мүмкін. Алайда бұл банктердің иелері оған күмәнмен қарайды.

Енді латвиялық банктер екі бағытта өзгермек. Бірінші, резидент еместерге жұмыс істейтін банктер бизнес үлгісін өзгертуі керек. Кейбір банктер жабылуы немесе бірігуі керек. Оның ішінде жоғарыда айтылған үш банктің болу мүмкіндігін күтеміз.

"Мұндай банктерге қайта құрылу, бағытын өзгерту қиын болуы мүмкін", дейді сарапшылар. Өйткені ішкі нарыққа қызмет көрсетушілер бар, қаржы экспортының көлемі азаяды.

Екінші жолы, билік "бос компаниялармен" күресті күшейтеді. Латвия Экономикалық серіктестік және даму ұйымына мүше болатын кезде мұндай компаниялардың банк жүйесіндегі үлесін 20% азайтуға уәде еткен. Алайда ол бос сөз болып қалды. FKTK мәліметінше қазіргі кезде латвиялық банктердің клиенті қатарында 26 081 жалған компания бар. Бұл банк клиенттерінің 1%, оларға шетелдік клиенттердің кредиттік айналымының 44,5% және елдегі ақша айналымының 36,57% тиеселі. Мұндай компаниялармен күресті күшейту үшін Латвияда салалық заңға өзгеріс енгізіп, банк лицензияларын алуды жеңілдетіп, шетелге ақша шығару ережесін күшейтіп, банктер үшін тәуекел салығын енгізуі мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше бұл екеуі де жүзеге аспауы мүмкін. Резидент емес тұлғалар қараджатын резиденттердің атына аударып, делдалдар нарығы пайда болуы мүмкін.

Қалай десек те Латвияның қаржы нарығын үлкен өзгеріс күтіп тұр. Елдің экономикасы да біраз құлдырауы мүмкін. Мүмкін АҚШ көмектесуге уәде берген шығар. Бірақ бұл біз үшін беймәлім. Бұл өзгеріс Латвия үшін қолайсыздау, бірақ АҚШ-тың "тізесі" оған мәжбүрлейді әрі Латвияның қаржы транзиті дәлізі алдымен Ресей, кейбір жағдайда ТМД елдеріндегі әртүрлі топтар үшін қаражатты жымқырудың өте оңтайлы жолы болып келгені жасырын емес. Бұл жүзеге асса Ресейге АҚШ-ың тағы бір соққысы өтті деп қабылдауға болады. Еуропалық сарапшылар мұрын астынан осылай деп отыр.

Дереккөзі: РБК

Похожие материалы