Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Латыштар қазақтардан «басып алғаны» үшін 6,6 миллиард еуро талап етпек

Латыштар қазақтардан «басып алғаны» үшін 6,6 миллиард еуро талап етпек
Латыштар бұрынғы  Кеңес одағына мүше елдерден өздерін басып алғаны үшін өтемақы талап етпек. Жақында бұл мәселені көтерген Neatkarīgā Rīta Avīze газеті латвияның КСРО –ның басып алуы кезіндегі зиянды есептеу комиссиясы  шығынды 185 млрд долларға бағалағанын жазған. Комиссия бұл соманы Ресейден «өндіріп» алмақ. Ал газет болса, тек Ресейді ғана емес, 1940 жылдың 17 маусымында КСРО құрамында болған елдердің барлығынан өндіріп алу керек деп есептейді. Олардың саны ол кезде 11 болған екен. «...11 мүшесі бар банда тәуелсіз Латвияны (сондай-ақ Молдова, Эстония, Литваны) басып алып, жеріміздің бар байлығын жұтып алды, Латвияны өздеріне қосып алудан КСРО құрамына кірген 11 ел де пайда тапқаны сөзсіз. Сондықтан 11 елдің әрқайсысы Латвияға 16,8 млрд еуро төлеуі керек», деп жазады мақала авторы. Ол тіпті «өтемақыны» Латвия КСРО құрамына кірген кездегі халық санына да бөлсе болады дейді. Автордың есебінше Қазақстанда сол кездегі жан басына шақса 6,6 млрд доллар қарыз екен.

Похожие материалы