Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемде алтынға деген сұраныс артып жатыр

Әлемде алтынға деген сұраныс артып жатыр

Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылдың қорытындысы бойынша Ресей, Түркия және Қазақстан алтынды сатып алатын негізгі ел болып қалды.

Дүниежүзілік алтын жөніндегі кеңестің (WGC) деректері бойынша 2018 жылы сатып алудың жалпы көлеміндегі осы мемлекеттердің үлесі 2017 жылы 94%-дан 58%-ға дейін төмендеді.

«Басқа елдердің орталық банктері өздерінің алтын резервтерін айтарлықтай ұлғайтуды шешті, осылайша бағалы металдың резервтік актив ретінде маңыздылығын растап отыр», - делінген хабарламада.

Ұйымның дерегінше, өткен жылы қазақстандық алтын қоры 50,6 тоннаға өсіп 350,4 тоннаға жетті, Түркия 51,5 тоннаға резервтер толықтырды, ал Ресей 274,3 мың тонна сатып алған.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік кеңесте соңғы 50 жылда орталық банктердің сатып алуының үлкен санының арқасында алтынға деген сұраныс өткен жылы 4%-ға артқанын атап өтті. Бұл көрсеткіш өткен жылы 4,3 мың тоннаға жетті (2017 жылы 4,1 мың тонна).

Қаңтар айындағы баяндамада Дүниежүзілік алтын жөніндегі кеңестің сарапшылары 2019 жылға болжам жасады. Олардың пікірінше, нарықтық тәуекел мен экономикалық өсу арасындағы өзара байланыс қымбат металға деген сұранысты ынталандыратын болады.

«Алтынның құнына әсер ететін үш негізгі үрдіс бар: қаржы нарығының құбылмалылығы, АҚШ-тың ақша-несие саясаты, құрылымдық экономикалық реформалар. Осыған байланысты, біз бұл құрал инвесторлар портфелінде маңызды рөл атқаратын болады деп ойлаймыз», - деп түйіндеді сарапшылар.

Похожие материалы