Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемде доллар құны тағы өсуі мүмкін

Әлемде доллар құны тағы өсуі мүмкін

Доллардың бағамы әлем бойынша тағы артуы мүмкін. Оған 1 аптадан кейін өтетін АҚШ-ғы Федералды резерв жүйесінің кезекті отырысы себеп. Қазір жаһандағы білікті сарапшылар мен белгілі экономистердің жарғақ құлағы жастыққа тиер емес.

Жиында қазіргі доллардың негізгі пайыздық бағамы сөз болады. Бірақ сарапшылардың басым бөлігі Америка төл валютасының құнын аяқасты өсіреді дегенге күмәнмен қарайды. Ресми Вашингтон пайыздық мөлшерлемені жоғарылатса, ақша массасы азайып, қымбаттай түседі. Сәйкесінше, индекстер қысқарады, бұл әлемде адамға қажетті заттардың баға өсімі тоқтайды деген сөз. Мамандардың пікірінше, әуелі жылжымайтын мүлік нарығына қысым жасалады. Нәтижесінде аталған сектордағы баға айтарлықтай төмендейді. Несие беруді де қуатты қаржылық орталықтар дереу тоқтатуы ықтимал. «Бұл - жаһанды үркіту үшін жасалған Американың айласы болуы ықтимал. Себебі Федералды резерв жүйесі биыл үшінші рет бас қоспақ. Өткен екі кездесуде пайыздық мөлшерлеме өзгермеді. АҚШ қор нарығының өсімі Google, Apple сынды, небәрі 5 компанияға тәуелді. Басқа мекемелердің табысы қазір төмендеуде»,- деді "Fibo Froup" компаниясының сарапшысы Евгений СЛЕСАРЕВ. Дереккөз: almaty.tv

Похожие материалы