2015 жылдың қаңтар айында іске қосулы мүнай және газ қондырғыларының саны азая түсті деп хабарлайды америкалық мұнай қызметін ұсынатын Baker Hughes компаниясы.
Мекеме мәліметінше, қаңтар айында құрылғылардың саны 3 309 болған. Ал 2014 жылдың желтоқсаны мен қаңтар айларында тиісінше 3 570 және 3 598 бірлікті құраған.
Құрғақта орналасқан қондырғылардың саны бір ай ішінде 232-ге азайған.
АҚШ-та 2014 жылдың желтоқсан айында 199-ға азайып, 1 мың 683 жеткен. Канадада 2014 жылдың соңында мұнайлы-газды қондырғылар саны 375 болса, осы жылдың басында 368-ді құраған.
Бірақ әлем бойынша нәтиже төмендегіне қарамастан, Орта Азияда керісінше, қаңтар айындағы мұнайлы-газды қондырғылар саны өсіп, 415-ке жетті.
Осы жылдың басында Baker Hughes жұмыс істеп тұрған мұнай және газ қондырғыларының саны 2014-жылдың маусым айынан бастап ең минимальді деңгейге төмендеді деп хабарлаған еді.