Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемде барлық жылжымайтын мүліктің құны 200 триллионға тең

Әлемде барлық жылжымайтын мүліктің құны 200 триллионға тең

Алматы. 5 қыркүйек. 7kun.kz — Әлемде барлық жылжымайтын мүліктің құны 200 триллион АҚШ долларына тең, деп хабарлайды британдық "Savills Plc" компаниясы.

Компанияның зерттеуі бойынша, әлемдегі жылжымайтын мүліктің 84 пайызы 168,5 трлн долларды құраса, қалғаны коммерциялық жылжымайтын мүлік болып саналады.

Құны 141,5 трлн доллар тұратын тұрғын үйлердің 70 пайызынан астамы Қытай, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Үндістан, Германия, Франция, Бразилия, Италия және Ресей елдерінде орналасқан.

Бірінші орында Қытай (42,7 трлн доллар), екінші орында – АҚШ (42,1 трлн доллар).

Savills – 1855 жылы құрылған  әлемнің жетекші жылжымайтын мүлік компанияларының бірі. Компания 60-тан астам елдің нарықтарында жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату, консалтинг және мүлікті басқару қызметтерін қоса алғанда кең ауқымды қызметтерді ұсынады. Компанияда 30 мың қызметкер жұмыс істейді. Мәскеу нарығында бұл элиталық жылжымайтын мүлік  компаниясы 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы