Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдегі ең бай адамдар үш күнде жүздеген миллиард доллар жоғалтты

Әлемдегі ең бай адамдар үш күнде жүздеген миллиард доллар жоғалтты

Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz — Berkshire Hathaway инвестициялық  компаниясының негізін қалаушы және басшысы Уоррен Баффет 26-28 ақпан аралығында қор индекстерінің құлдырауы себебінен 3,74 млрд доллар жоғалтты. Бұл туралы Bloomberg жазды.

Facebook-тың негізін қалаушы Марк Цукерберг 3,7 млрд доллар,  Alfabet-тің бас директоры Ларри Пейдж 3,1 млрд доллар, ал Google-дың негізін салушы Сергей Брин 3 млрд доллар жоғалтты. Zara-ның иесі Амансио Ортеганың байлығы 2,5 млрд долларға қысқарды.

Жалпы әлемдегі ең бай 500 адам үш күнде 128 млрд доллардан айырылды. Ең ірі шығынға ұшырағандар АҚШ-тың бизнесмендері. Олар 55 млрд доллар жоғалтты. Ал, Қытайлық магнаттар 14 млрд долларға кедейленді.

Dow Jones индексі 1 наурызда 420,2 пунктке, 24608 деңгейіне дейін төмендеді. Бұл жағдай АҚШ президенті Дональд Трамп келесі аптада болат пен алюминий импортына жаңа тарифтер енгізу туралы директиваға қол қоятыны туралы жариялағаннан кейін орын алды.

S&P 500 индексі 36,16 пунктке құлдырап, 2677,67 пунктке жетті.  NASDAQ индексі 92,45 пунктке төмендеп, 7180,56  пунктті құрады.

Айта кетейік, ақпан айының басында Dow Jones рекордтық түрде құлдыраған еді. Сол кезде әлемдегі ең бай 500 адам 114 млрд доллар ақшаны жоғалтқан.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы