Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдегі ең бай миллионерлер неше жылда миллиардер атанды? 

Әлемдегі ең бай миллионерлер неше жылда миллиардер атанды? 

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг 26 жасында, ал америкалық кәсіпкер Уоррен Баффет болса 56 жасында миллиардер атанған. Бүгінгі күні Баффет те, Цукерберг те әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде үшінші және бесінші орынды иемденеді. Betway жүйесі Forbes және Bloomberg ұсынған миллиардерлердің тізімін талдап, әлемдегі ең табысты кәсіпкерлердің қанша жыл ішінде миллионерден миллиардерге айналғанын анықтады. Әлемдегі ең бай адамдардың табысқа қалай және неше жылдың ішінде жеткенін білгіңіз келсе, 7kun.kz редакциясы ұсынған мақаланы оқып шығуға кеңес береміз.

Уоррен Баффет  

(26 жылда) 

Табысы: 84,8 миллиард доллар 

[caption id="" align="aligncenter" width="625"]миллиардер Фото: minfin.com.ua[/caption]

Forbes рейтингі бойынша, әлемдегі бай адамдардың қатарында үшінші орынды иемденетін Уоррен Баффет өзінің еңбек жолын 13 жасында Washington Post газетінінің сатушысы ретінде бастаған. Ал 1962 жылы оның жеке капиталы миллион долларды құрады. Жалпы, дүниежүзіндегі ең ірі инвесторлардың бірі 30 жасында миллионер, 26 жылдан кейін 56 жасында  миллиардер атанды. Жалпы, әлемдегі ең ірі инвесторлардың бірі 1965 жылдан бастап The Bekshire Hathaway холдингінің бас директоры және миноритарлық акционері қызметін атқарып келеді.  

Чарльз Кох 

(22 жылда) 

Табысы: 60,3 миллиард доллар 

[caption id="" align="aligncenter" width="580"]миллиардер Фото: fintrader.pro[/caption]

Kosh Industries корпорациясының директоры Чарльз Кох, ағасы Дэвид Кохтың айтуы бойынша, құрдастарынан бала күнінен-ақ зеректігімен, алғырлығымен ерекшеленген екен. Ал Чарльздың беделді тұлға ретінде қалыптасып, отбасылық кәсіпті халықаралық деңгейге көтеруіне әкесі себепші болған. Кәсіпкер 31 жасында миллионер, ал 53 жасында миллиардер атанған. Бүгінде Koch Industries компаниясы мұнай өңдеумен қатар, жасанды талшықтармен, пластмасса өндірумен айналысады. 

Майкл Блумберг  

(21 жыл) 

Табысы: 49,9 миллиард доллар 

[caption id="" align="aligncenter" width="627"]миллиардер Фото: fin-w.ru[/caption]

Гарвард университетінің түлегі Майкл Блумберг өзінің еңбек жолын АҚШ-тағы ең ірі брокерлік компаниялардың бірі “Саломон брозерс” компаниясында бастаған. Дәл осы мекеме Bloomberg компаниясының пайда болуына үлкен септігін тигізді десек, артық айтқанымыз емес. Себебі, Майкл “Саломон брозерсте” жұмыс істеп жүріп, басқа компания мен ұйымдарға қаржыға байланысты ақпарат беретін компания ашуды армандайтын.  Сонымен 1981 жылы Майкл Innovative Market Systems (Bloomberg) деген компаниясын ашқаннан кейін 31 жасында миллионер, ал 52 жасында миллиардер атанды.  

Амансио Ортега  

(16 жылда) 

Табысы: 69 миллиард доллар 

[caption id="" align="aligncenter" width="560"]миллиардер Фото: goldmustang.ru[/caption]

Zara компаниясының негізін қалаушы Амансио Ортега бала күнінде мектептегі оқуын тастап, отбасына қаржылық көмек көрсету үшін қарапайым дүкенге сатушы ретінде жұмысқа орналасқан. Дүкенде жұмыс істеп жүріп Амансио болашақта ірі дүкендер желісін ашуды армандаған екен. 14 жасында La Maja дүкенінде киімді сатудан бөлек, тігуді жетік меңгерген соң, мультимиллиардер, 1975 жылы Ла Корунья қаласында алғашқы Zara дүкенін ашты. Амансио Ортего 49 жасында миллионер, ал 65 жасында миллиардер атанды. 

Роб Уолтон  

(14 жылда)  

Табысы: 41,3 миллиард доллар 

[caption id="" align="aligncenter" width="700"]миллиардер Фото: rb.ru[/caption]

Дүниежүзіндегі ірі Wal-Mart ритейлерін басқаратын Уолтон әулеті Америкадағы ең бай отбасылардың қатарына кіретінін ұмытпаған жөн. 2017 жылы бір күннің ішінде олар шамамен 14 миллиард доллар тауып, қалың жұртты тамсандырған. Жалпы, Робтың бауырлары Джим мен Элис те компанияның дамуына үлкен үлес қосқан миллиардерлер. Forbes ұсынған әлемдегі ең бай адамдардың қатарынан үшеуін де табуға болады.  Самуель Уолтоннан мұрагерлікке қалған кәсіпті Роб тиімді жүргізіп, 34 жасында миллионер, ал 48 жасында миллиардер атанды. Ал 2015 жылдың маусымында  Роб директорлар кеңесінің төрағасы қызметін өз еркімен босатты. 

Джек Ма 

(10 жылда) 

Табысы: 38,2 миллиард доллар  

[caption id="" align="aligncenter" width="660"]миллиардер Фото: 24smi.org[/caption]

Қытайдағы ең бай адамның бірі, Alibaba Group компаниясының директоры Джек Ма 1964 жылы 15 қазанда, Ханчжоу қаласында, кедей отбасында дүниеге келген. Расында бала күнінен бастап өмір үшін күрескен миллиардер тіпті жоғары оқу орнына екі рет емтиханнан сүрінгеннен кейін ғана түскен. Ал жұмысқа орналасу одан да қиынға соққан. Миллиардерді тіпті KFC жұмысқа алудан бас тартқан екен. Алайда ол, Alibaba атты интернет-компанияны ашқаннан кейін табысқа жетіп, 35 жасында миллионер, ал он жылдан кейін, яғни 45-ке толғанда миллиардер атанды.   

Стив Балмер 

(8 жылда)  

Табысы: 36,3 миллиардер 

[caption id="" align="aligncenter" width="1000"]миллиардер Фото: infocity.az[/caption]

Microsoft компаниясының экс-директоры, Los Angeles Clippers баскебол командасының иегері Стив Балмер еңбек жолын Procter & Gamble компаниясында бастаған. Екі жыл қатарынан менеджердің көмекшісі ретінде жұмыс істеген ол, 1979 жылы Стэнфордтік бизнес мектебіне оқуға қабылданып, дәл осы жылы Билл Гейтспен жақынырақ араласа бастайды. Нәтижесінде, 1989 жылы Стив “Майкрософтта” жұмыс істеп жүріп, компанияның шамамен миллион акциясын иемденеді. 30 жасында миллионер атанып үлгерген  Стив сегіз жылдың ішінде миллиардерге айналды. 

Ларри Эллисон  

(7 жылда) 

Табысы: 55, 4 миллиард доллар  

[caption id="" align="aligncenter" width="628"]миллиардер Фото: myfin.by[/caption]

Компьютер индустриясында үлкен табысқа жеткен кәсіпкер 1977 жылы Ampex компаниясында бірге жұмыс істеген әріптестерімен бірге Oracle компаниясының негізін қалаған. Бүгін бұл тек қарапайым компаия ғана емес, бағдарламалық жасақтама дайындаумен айналысатын әлемдегі ең ірі корпорация саналады. Кәсіпкер ерең еңбегінің арқасында 42 жасында миллионер, ал 49 жасында миллиардер атанған. 

Билл Гейтс  

(5 жылда) 

Табысы: 90,3 миллиард доллар 

[caption id="" align="aligncenter" width="610"]миллиардер Фото: u.yablyk.com[/caption]

Бала күніннен бастап компьютерлік бағдарламалауға қызыққан Билл Гейтс бос уақытының барлығын компьютерге, бағдарламаларды тануға, жаңасын ойлап табуға жұмсайтын. Компьютердің мүмкіндіктерін, оның жұмыс істеуін жақсарту жолдарын жасөспірім кезінде көп ойлайтын. 1975 жылы ол досы Пол Алленмен танымал Micro Instrumentation and Telemetry Systems компаниясының серіктесіне айналып, өз арманына жақындай түскені белгілі. 1976 жылы Билл Гейтс Microsoft компаниясының негізін қалағаннан кейін 1998 жылы дүниежүзіне әлемдегі ең бай адам ретінде танылды. Сондай-ақ ол 26 жасында миллионер, ал 31 жасында миллиардер атанған. 

Ларри Пейдж  

(5 жылда) 

Табысы:  47,3 миллиард доллар 

[caption id="" align="aligncenter" width="765"]миллиардер Фото: cdn.img.inosmi.ru[/caption]

Google компаниясының негізін қалаушылардың бірі, Alphabet компаниясының директоры, Стэнфордтік университетте білім алып жүріп аспирант Сергей Бринмен танысады. Екеуі достасып кетіп, бірге 1998 жылы Google интернет-компаниясының негізін қалағаны көпшілікке белгілі. Бүгінгі күні 5 жылда 30 жасында миллиардер атанған Ларри Сергеймен бірге компанияны басқарудан бөлек, қайырымдылық шараларды да жиі өткізіп тұрады. 

Сергей Брин  

(5 жылда) 

Табысы: 46 миллиард доллар 

[caption id="" align="aligncenter" width="2048"]миллиардер Фото: news.rambler.ru[/caption]

Америкалық кәсіпкер, Google компаниясының негізін қалаушысы Сергей Брин ғалымдардың отбасынынан шыққан. Оның атасы математика ғылымын, ал апасы филологияны жақсы білген. Ата-анасының, туысқандарының білімге деген махаббаты Сергейге де әсер етпей қойған жоқ. Оның математикаға деген махаббаты 5 жасында-ақ басталып, әлемдегі ең ірі компанияның дүниеге келуіне үлкен септігін тигізді. Бала күнінен бастап компьютерде бағадарламалауды білген Сергей 26 жасында миллионер, 31 жасында миллиардер атанған. Сондай-ақ, директордың қайырымдылық шараларды жиі өткізетінін ескергеніміз жөн. Осыдан 7 жыл бұрын, яғни 2011 жылы, ол Wikipedia порталына 500 мың доллар аударған.  

Ма Хуатэн 

(3 жылда) 

Табысы: 44,1 миллиард доллар 

[caption id="" align="aligncenter" width="640"]миллиардер Фото: cdn1.img.ria.ru[/caption]

Forbes журналының рейтингі бойынша Азиядағы ең бай адам саналатын Tencent компаниясының төрағасы және бас директоры Ма Хуатэн басқа кәсіпкерлермен салыстырғанда бар болғаны 3 жылдың ішінде, 33 жасында миллионерден 36 жасында миллиардерге айналған. Ал 2016 жылы Tencent Қытайдағы ең қымбат компания атағына ие болды. 

Джефф Безос  

(2 жылда) 

Табысы: 114,8 миллиард доллар  

[caption id="" align="aligncenter" width="900"]миллиардер Фото: news.rambler.ru[/caption]

Әлемнің табысты кәсіпкерлері секілді Джефф те өзінің еңбек жолын қарапайым қызметкер ретінде бастаған. IT саласында біраз тәжірибе жинағаннан кейін, ол Bankers Trust компаниясына жұмысққа кіріп, осы мекеменің вице-президенті дәрежесіне дейін көтеріледі. Кейіннен, интернет арқылы сауда жасаудың танымалдығы күн санап артып келе жатқанын байқаған ол, өз кәсібін бастауды ұйғарады. Интернет арқылы кітап, диск, киім сынды заттардың көп сатылатынын байқаған ол, өзі де интернет-компания ашып, ең алдымен кәсібін кітап сатудан бастайды. Осылай 1995 жылы Amazon компаниясы пайда болған. Еңбекқор Джефф алғашқы кездегі қиындықтарға қарамастан, өз кәсібін тастамай, 33 жасында миллионер, 35 жасында миллиардер атанды. 

Марк Цукерберг  

(1 жылда) 

Табысы: 61,1 миллиард доллар 

[caption id="" align="aligncenter" width="1000"]миллиардер Фото: cdn2.img.sputnik.tj[/caption]

Facebook компаниясының бас директоры Марк Цукербергті білмейтін адам саны кем. Тіпті оның табысқа қалай жеткені, өмірбаяны туралы біраз кітаптар мен “Әлеуметтік желі” (The Social Network) атты үздік фильм түсірілген. 33 жастағы әлемдегі ең бай адамдардың қатарына кіретін Марк, әлемдегі ең танымал әлеуметтік желіні басқарып қана қоймай, қайырымдылық шараларды да жиі өткізіп тұрады. Ол 2015 жылы көптен күткен қызы Макс дүниеге келгеннен кейін, әйелі Чан Присцелламен бірге балаларға бейбіт күн, жарқын болашақ сыйлаумен қатар, адамдар арасындағы теңдікті орнату мақсатында Чан-Цукерберг атты қайырымдылық қорын ашты. 2017 жылы Марк Цукерберг әйелімен бірге 26 милллион ғылыми жұмысқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін, Meta атты жасанды интеллектінің негізінде жұмыс істейтін іздеу жүйесін сатып алды. 

Похожие материалы