Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдегі ең бай қылмыскерлерді білесіз бе?

Әлемдегі ең бай қылмыскерлерді білесіз бе?

1982 жылы Forbes журналы алғаш рет көпшіліктің назарына әлемдегі ең бай адамдардың тізімін ұсынды. Тізімге кәсіпкерлер мен танымал тұлғалардан бөлек, заңсыз жолмен табыс тапқан қылмыскерлер де енді. Қылмыскер болумен қатар, жақсы кәсіп жүргізіп, табысқа жеткен тұлғалардың өмірімен таныс болыңыз.

1. Пабло Эскобар

[caption id="attachment_75436" align="aligncenter" width="990"]Әлемдегі ең бай қылмыскерлерді білесіз бе? Фото: cdn.forbes.ru[/caption]

1987 жылы 3 млрд доллар табысы бар Пабло Эскобардың есімі Forbes тізіміндегі ең бай тұлғалардың қатарына кірді. Ол әлемдегі "100 беделді халықаралық миллиардерлердің" қатарына кірген алғашқы қылмыскер еді. Bussiness Insider дерегінше, Пабло Эскобар аптасына 420 млн доллар көлемінде табыс табатын. Ал кейбір деректер оның мүлкін 30 млрд-тан көп сомаға бағалайды. Есірткінің "ханы" саналған ол, 1981-1986 жылдар аралығында, Медельин картелін басқарып, оның арқасында жыл сайын 7 млрд доллар иеленіп отырды. Оның кәсібінің өрлеуіне АҚШ контрабандалары үлкен септігін тигізді. Ол АҚШ-қа күн сайын 15 тонна есірткі жөнелтетін. Пабло әр ай сайын ақша байлайтын бау үшін 2500 доллар жұмсайтын. Оның ақшасы жертөле мен қоймаларда сақталды. Тышқандар мен суырлар ақшаның көп бөлігін тесіп, зақымдағандықтан ол жыл сайын тапқан табысының 2,1 млрд долларын жоғалтқан.

Пабло Эскобар үшін ақша бәрінен де маңызды болған деп ойласаңыз - қателескеніңіз. Себебі ол отбасымен бірге билік қызметкерлерінен таулы аймақтарда жасырынып жүргенде, қызын жылыту үшін 2 млн долларын жағып жіберген. Отты жағуға көмектесетін материал болмағандықтан, ақшаны жағуға тура келді. 1980 жылдардың соңында Пабло Эскобар әлемдегі есірткінің 80 пайызын басқарды. 1984 жылы ол Колумбия билігімен келісімге келіп, жеке бас бостандығы үшін мемлекеттік қарызды төлейді. 1991 жылы наркобарон билікпен тағы да келісімге келіп, өзіне футбол алаңы бар түрме салдырады. Сондай-ақ түрменің күзетшілерін де өзі таңдайды. Пабло Эскобар Forbes тізіміне 1980 жылдардың басында кіріп, 1993 жылы қайтыс болғанға дейін әлемдегі ең бай адам саналды. 2015 жылы Neflix наркобаронға арнап "Нарко" деген сериал түсірді.

2. Хоакин Гусман Леора

[caption id="attachment_75437" align="aligncenter" width="990"]Әлемдегі ең бай қылмыскерлерді білесіз бе? MEXICO , Feb. 22, 2014 Mexican Navy soldiers guard Joaquin Guzman Loera (L), alias ''El Chapo'' Guzman, leader of the Sinaloa Cartel, during his presentation to members of the press, at the Mexican Navy hangar in Mexico City, capital of México, on Feb. 22, 2014. The head of Mexico's Sinaloa Cartel Joaquin Guzman Loera, alias as ''El Chapo Guzman'' who is considered by the United States as one of the most powerful drug lords in the world, was captured by Mexican and U.S. authorities in Mexican territory, according to local press. (ah) (Credit Image: © Pedro Mera/Xinhua/ZUMAPRESS.com)[/caption]

2009 жылы мексикалық наркобарон Хоакин Гусман Леораның мүлкі 1 млрд долларға бағаланып, ол Forbes журналының шешімі бойынша ең бай адамдардың қатарына кірді. Наркобаронды көпшілік көбінесе "Қортық" деген лақап ат арқылы таниды. Әлемдегі ең беделді адамдардың рейтингісіне сүйенетін болсақ, ол 2012 және 2013 жылдары 63 және 67 орындарды иемденген. Ал Strategic Forecasting Inc. компаниясының дерегінше, Хоакин Гусман Леораның дәулеті 12 млрд долларды құрайды. Оның қоластындағы Картель Синалоа есірткіні Мексикадан АҚШ-қа жиі тасымалдағаны үшін 3 млрд доллар алып отырған. New York Times газетінің мәліметінше, Картель Синалоа есірткі сату жағынан наркобарон Пабло Эскобардан асып түскен. Нақтырақ айтқанда, Картер есірткіні заңсыз тасымалдап қана қоймай, оны ұтымды сатудың жолдарын жетік білді. Бұл мәліметті New York Times газеті Drug Enforcement Administration агенттігінің ақпаратына сүйеніп жазды.

Гусман Леора өз кәсібін 1990 жылдардың басында бастаған. Ол есірткіні қызыл бұрыштың құтысына жасырып, жақсы табыс көрді десек, қателеспейміз. 1993 жылы Мексика билігі оның 7 тонна есірткісін тәркілеп, өзін қамауға алады. Алайда наркобарон 2001 жылы түрмеден қашып шығып, кәсібін 2016 жылға дейін жалғастырған. Мойындау керек, егер Хоакин Гусман Леора өз-өзін ұстап бермегенде, оны қарапайым полиция қызметкері қолға түсіре алмайтын еді. Тіпті мемлекет Хоакинді ұстап беретін адамға 7 млн доллар сыйақы ұсынған. 2016 жылы наркобарон өзі туралы автобиографиялық фильм түсірмек болып, фильмге кастинг жариялаған соң, оны іздеп табу полиция қызметкерлері үшін қиынға соққан жоқ.

3. Очао және Гонсало Родригез Гача ағайындылары

[caption id="attachment_75441" align="aligncenter" width="990"]Әлемдегі ең бай қылмыскерлерді білесіз бе? Фото: cdn.forbes.ru[/caption]

1982 жылы Эскобармен бірге Forbes тізіміне Очао ағайындылары да кірді. Хорхе Луис, Хуан Давид және Фабрио Медельин картелімен (ірі колумбиялық есірткі картелі) жұмыс істеп 2 млрд доллар табыс тапты. Олар алты жыл бойы Forbes рейтингісі бойынша ең табысты адамдар саналды.

Медельин картелімен бірігіп жұмыс істеген Гонсало Родригез Гачаның мүлкі 1988 жылы 1,3 млрд долларға бағаланды. Ол да журнал рейтингісінде өз орнын тапты. Алайда екі жылдан кейін Гонсало Родригез Гача колумбиялық полиция қызметкерлерінің қолынан қаза тапқан соң, оның есімі бай адамдардың қатарынан ығыстырылды.

4. Рафаэль Каро Куинтеро және Амадо Каррильо Фуэнтес

[caption id="attachment_75438" align="aligncenter" width="990"]Әлемдегі ең бай қылмыскерлерді білесіз бе? Фото: cdn.forbes.ru[/caption]

Хоакин Гусман Леоранаға дейін Мексиканың ірі наркобарондары Каро Куинтеро мен Каррильо Фуэнтес болған. Рафаэлло Куинтероның Rancho Bufalo атты кокаинді өндіретін жеке-меншік картелі болған. Картель жылына шамамен 7 млрд доллар табыс әкелетін. 1984 жылы ранчода болған тексеру кезінде Rancho Bufalo есірткісінің 6000 тоннасы тәркіленді. Бір жылдан кейін, яғни 1985 жылы наркобарон тұтқындалып, 1989 жылы сот шешімі бойынша 40 жылға сотталды. Алайда ол 28 жылдан кейін бостандыққа шықты.

Каррильо Фуэнтестің де жеке картелі Хуарес деп аталды. The Washington Post оның дәулетін 25 млрд долларға бағалаған. Картельден бөлек Каррильо Фуэнтес 22 ұшағы бар авиапаркты басқарды. Ұшақтар кокаинді Мексикадан АҚШ-қа тасымалдау мақсатында қолданылған. Фуэнтес 1997 жылы пластикалық опа кезінде қайтыс болды.

5. Морис Дальтиц

[caption id="attachment_75440" align="aligncenter" width="990"]Әлемдегі ең бай қылмыскерлерді білесіз бе? Фото: cdn.forbes.ru[/caption]

1982 жылы Морис Дальтицтің есімі суретші Йоко Оно, актёр Боб Хоуп және мафия бухгалтері Мейер Ланскимен бірге әлемдегі ең дәулетті адамдардың тізімінде бірінші орынды иеленді. Аль Капено және Багзи Сигелмен дәрежесі бірдей қылмыскер Морис Дальтицтің мүлкі деректер бойынша 110 млн долларды құраған. Алайда оның шын мәнінде қанша табыс тапқаны белгісіз. Әрине, Мориске мұндай дәрежені ойынханалар сыйлады. 1949 жылы ол Desert Inn, Stardust Hotel ойынханасын ашып, 1950 жылы Paradise Development Company компаниясының негізін қалауға көмектесті. Сондай-ақ Морис Дальтиц өмірінің соңғы жылдарында қайырымдылық шараларды ұйымдастырумен айналысты.

6. Гризельда Бланко

[caption id="attachment_75443" align="aligncenter" width="990"]Әлемдегі ең бай қылмыскерлерді білесіз бе? Фото: cdn.forbes.ru[/caption]

Колумбиялық Гризельда Бланконы "Кокаиннің кіндік шешесі" деп те атайды. The Guardians оның ай сайын 1500 кг кокаинді сатып тұрғанын да мәлімдеген. 1970-1980 жылдары Гризельда кокаин сататын ірі наркобарон еді. Сондай-ақ Гризельда Бланко үш рет жесір атанған. Ол үш күйеуін өз қолымен өлтірген деген деректер бар. Bussiness insider дерегінше, оның мүлкі 2 млрд долларды құрады. Гризельда 1985 жылы тұтқынға алынып, 2012 жылы қылмыскердің қолынан қаза тапқан.

7. Аль-Капоне

[caption id="attachment_75444" align="aligncenter" width="990"]Әлемдегі ең бай қылмыскерлерді білесіз бе? Chicago, Illinois: January 1, 1930.
A portrait of American gangster, Al Capone.[/caption]

Мафия жайлы фильмдерден Американың ірі қылмыскері Аль-Капоненің есімін естіген боларсыз. Мұндай жанрда түсірілген 77 фильмде Аль-Капоне есімді кейіпкер басты рөлде ойнайды.

1929 жылы АҚШ билігі Аль-Капонені өзінің ең үлкен жауы деп жариялады. Аль-Капоне ірі қылмыс түрлерімен, оның ішінде кісі өлтірумен, рэкетпен айналысқан. Полиция қызметкерлері үшін оны тұтқындау қиынға соққаны сөзсіз. Себебі Аль-Капонені ешбір түрмеде қамап отыру мүмкін емес еді. 1931 жылға дейін қылмыскер заңнан қашса да, билік 1931 жылы салық төлемегені үшін 11 жылға оны қамауға алды. 1939 жылы оның денсаулығы күрт нашарлап, 1947 жылы қайтыс болды. 1947 жылы Аль-Капоненің 1,3 млрд доллары болған. 2012 жылы Forbes қылмыскердің тапқан табысы жайлы ақпаратты қарастырып, оның мүлкін 450 000 долларға бағалады.

Похожие материалы